Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қарау туралы хабарландыру

«Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Ақтау қаласының бас жоспары. Түзету» жобасын әзірледі.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

Азаматтарды (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

1) жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) жоба мақұлданғанға дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерттеу керек және неге?

3) сіз СЭБ өткізуді қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

 

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

04.02.2025-03.03.2025ж.  (20 жұмыс күні)

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Астана, пр. Мангилик-Ел, 8.

Тел. 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде:

- Экология министрлігі кеңсесінің эл.адресіне электронды түрде:

k.kense@ecogeo.gov.kz  (Сіздің құжаттарыңызды Кеңседе мына телефон

арқылы алғанын міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44);

- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі

құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

 

Дата публикации
05 февраля 2025