Заңнаманы сақтауға қатысты бақылау шаралары күшейді

Заңнаманы сақтауға қатысты бақылау шаралары күшейді

 

2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасымен мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты 27 бақылау іс-шаралары жүзеге асырылып, нәтижесінде 655 бұзушылық анықталды.

2023 жылдың 12 айындағы нәтижемен салыстырғанда 2024 жылдағы бақылау жұмыстары 9-ға немесе 66%-ға артқан.

Бақылау жұмыстарының нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдепті сақтауды қамтамасыз етпеуі - 449, Мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін сақтамауы – 54, бос әкімшілік лауазымына орналасуда конкурсты өткізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етпеу дерегі – 36, мемлекеттік қызметшілерді  іссапарға жіберу тәртібін сақтауды қамтамасыз етпеудің 10 дерегі орын алған.

Тексеру қорытындысымен мемлекеттік органдарға 33 ұсыныстар мен ұсынулар енгізіліп, қазіргі таңда заңнама нормаларын сақтау бағытында енгізілген ұсынулар толықтай орындалды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларының сақталуына қатысты бақылау іс-шараларын жүзеге асыру Мемлек еттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басты назарында.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов

Дата публикации
04 февраля 2025