«Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №03-04/441 «Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
«Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері:
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 бабының 6 тармағына, Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы №05-14/153-И санды ұсынысына сәйкес.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі,оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі(тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі):
қаржылық шығындар талап етілмейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар,сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы:
жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері:
«Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №03-04/441 «Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің қаулы жобасын қабылдау.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер:
қажеттілігі жоқ
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы:
қажеттілігі жоқ
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны):
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 30.01.2025 жылы және Ақтау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында 30.01.2025 жылы орналастырылды.
- Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат:
қажеттілігі жоқ.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі:
қажеттілігі жоқ.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері:
талап етілмейді.
«Ақтау қалалық сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
басшысының м.а. Н. Сайлаубаев