«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы

 «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 

 

 

            Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

            жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық;жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

Е-3

min

max

195 895

255 514

 

Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-13, e-mail: nu.ibragimova@mangystau.gov.kz  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Ақтау қаласы әкімдігінің мемлекттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

жариялайды:

 

  1. Ақтау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің сотқа мүдделік ету бойынша бас инспектор, Е-3 санаты, 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Басшыға қол қоюға келіп түскен шешімнің, өкімнің, нұсқаулықтың, ереженің жобасын және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексереді; құқықтық сұрақтар бойынша кеңес, қорытынды, анықтамаларын береді; құқықтық сұрақтар бойынша қала әкімімен шақырылған жиналыстарға және қалалық маслихат комиссияларының отырыстарына қатысады; бөлім  басшысының тапсырмасы бойынша  қала әкімінің қарауына ақпараттардың жобасын  даярлайды; сотта және басқа да құқыққорғау органдарында  қала әкімі аппаратының және қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүддесін қорғайды; сот органдарына қала әкімі аппаратының және қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүддесін қорғау барысында, талап арыздар мен талап арызға қарсылықтар әзірлейді; шаруашылық қарым-қатынасты реттейтін келісім шарттарды әзірлеуге қатысады;          Ақтау қаласы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырады, құжаттарын  әзірлейді және өткізеді; Ақтау қаласы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде ведомствоаралық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырады, құжаттарын  әзірлейді және өткізеді; қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу; бөлімге келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың хаттарына,  шағымдары мен арыздарына жауап береді;  аппарат басшысы мен бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі – Құқық (құқықтану).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әрбiр кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы
Дата публикации
20 октября 2020