2024 жылдың 4-тоқсандағы "Халық қатысатын бюджеттің орындалуы туралы есеп"

2024 жылға Халық қатысатын бюджетті іске асыру мақсатында Ақтау қалалық  әкімдігінің ресми сайтында арнайы бөлім (терезе) ашылып, тұрғындар тарапынан 38 ұсыныс қабылданды. Қағидаға сәйкес, дауыс беруге 38 жоба жолданып, халықтың дауыс беру нәтижесі және сараптамалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша 10 жоба өтті.

Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен қаржы бөлінген аталған 10 жоба бойынша келесі жұмыстар атқарылуда:

 

  1. 28 шағын аудан, 10 үйдің алдына кешенді алаңы (волейбол, баскетбол) толықтай орнатылды және пайдалануға берілді;
  2. 15 шағын аудан, 55 үйдің алдындағы балаларға арналған ойын алаңы толықтай орнатылды және пайдалануға берілді;
  3. 17 шағын аудан, 102 үйдің алдындағы балаларға арналған ойын алаңы толықтай орнатылды және пайдалануға берілді;
  4. 33 шағын аудан, 19 үйдің алдына кешенді алаңы (футбол, волейбол, баскетбол) толықтай орнатылды және пайдалануға берілді;
  5. 27 шағын аудан, 40 үйдің алдындағы балаларға арналған ойын және спорт алаңдары толықай орнатылды және пайдалануға берілді;
  6. Шығыс-2 шағын аудан, 361 үйдің алдындағы балаларға арналған ойын алаңы толықай орнатылды және пайдалануға берілді;
  7. 20А шағын аудан, 17 үйдің алдындағы балаларға арналған ойын алаңы толықай орнатылды және пайдалануға берілді;
  8. 14 шағын аудан, 32А үйдің алдына спорт (воркаут) алаңы толықай орнатылды және пайдалануға берілді;
  9. 31А шағын аудан, 9 үйдің алдындағы балаларға арналған ойын және спорт (воркаут) алаңдары толықай орнатылды және пайдалануға берілді;
  10. 15 шағын аудан, 69 үйдің алдына жаяу жүргіншілер жолын, орындықтар, балаларға арналған ойын алаңы толықай орнатылды және пайдалануға берілді;

 

Дата публикации
10 января 2025