«Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №12/76 «Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшада:
5 тармақта:
1) тармақшасының бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:»;
1) тармақшасының екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
2) тармақшасының екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар балаларға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
3) тармақшасының екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде;»;
4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
6) тармақшасының үшінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар балаларға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
7) тармақшасының екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«70 (жетпіс) жастан асқан зейнеткерлерге - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
6 тармақта:
5) тармақшасының екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«өтініш берген алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы және келісім-шарты болғанда, «бакалавр» дәрежесін алу үшін күндізгі нысан бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге (асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушылар, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер болып табылатын, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылардан), жылына 1 рет;»;
5) тармақшасының үшінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«өтініш берген алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 3 еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы және келісім-шарты болғанда, «бакалавр» дәрежесін алу үшін күндізгі нысан бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге (мүгедектігі бар адамдар, ата-аналарының біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын, жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы), жылына 1 рет;».
Лауазымы Аты-жөні