Ақтау қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 15 ақпандағы №02-02/236 «Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Ақтау қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 15 ақпандағы №02-02/236 «Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы

немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және

жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтау қаласының әкімдігінің «Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 15 ақпандағы №02-02/236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26872 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін»;

көрсетілген қаулының қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары»;

1 тараудың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«осы Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.»;

2 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

         «көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі

2 тараудың 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тұрғын үй инспекциясы) қалаға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін сыртқы қабырғаларына, шатырларын реконструкциялауға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.

2 тараудың 3 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларына, шатырларын реконструкциялауға жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне келісу немесе келіспеу туралы шешім қабылдау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың (олар болған жағдайда) меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру және өткізу.»;

2 тараудың 7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«жиналыстың оң шешімі қабылданған жағдайда, Тұрғын үй инспекциясы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жұмыс көлемін, жөндеу түрін (ағымдағы немесе күрделі) айқындау және  олардың физикалық тозу дәрежесін белгілеу үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау үшін техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.»;

3 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі

3 тараудың 8 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«жұмыс көлемін, жөндеу үлгісін (ағымдағы немесе күрделі) айқындау үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі ұйымды таңдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.»;

3 тараудың 9 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша Тұрғын үй инспекциясы бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялауды күрделі жөндеуге ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу немесе жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстарын ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен сараптама қорытындысын алады.

3 тараудың 10 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және ағымдағы жөндеудің сметалық  құны немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің бағытталған сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін Тұрғын үй инспекциясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды

3 тараудың 11 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

11. Бірыңғай  сәулеттік  келбет беруге бағытталған көппәтерлі  тұрғын үйлердің  сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау ағымдағы  немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды Тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

3 тараудың 12 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«тұрғын  үй  инспекциясы  бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау ағымдағы немесе күрделі жөндеу  жөніндегі  жұмыстарды  қабылдауды   техникалық   қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып, жүзеге асырады.»;

4 тараудың 13 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».

2. «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                   

                Ақтау қаласының әкімі                                      Ә.Байпақов


 

 

 

 

Дата публикации
13 декабря 2024