Республикалық бюджет есебінен тұрғын үй салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйді мониторингілеу және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №51 бұйрығына сәйкес жекешелендіру құқығымен жергілікті атқарушы орган сатып алған тұрғын үй Заңның талаптарына сәйкес кезектілік тәртібімен кезекте тұрғандардың ішінен әлеуметтік осал топтарына жалға беріледі.
Бұл ретте жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20% (жиырма пайызы) және одан көп бөлігі Заңның 68-бабының 6), 9) тармақшаларында айқындалған кезекте тұрғандарға беріледі.
Сатып алынған жекешелендіру құқығымен жалға берілетін пәтерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалған кезектілік тәртібімен «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының аясында тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға және кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды.
Ақтау қаласынан сатып алынған пәтерлерді бөлу мақсатында Ақтау қаласының әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу тізімінің кезегінде көп балалы отбасылар кезегіне 12.06.2003 жылдан – 29.08.2016 жылға дейін тіркелген азаматтардың және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар кезегіне 29.08.2001 жылдан – 30.01.2012 жылға дейін тіркелген азаматтардың, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 02.07.2003 жылдан - 21.04.2009 жылға дейін тіркелген азаматтар Ақтау қаласы 4 шағын аудан, Ақтау қаласы әкімдігінің ғимараты 1 қабат азаматтарды қабылдау орталығына төмендегі құжаттарды жинап тапсыруы қажет:
1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
5) басқа адамдар өтініш берушінің отбасының мүшесі деп танылған жағдайда өтініш берушіге оларды отбасының мүшесі деп тану туралы соттың шешімін ұсынады;
6) өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
7) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды және кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардықоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесінің соңғы он екі ай ішінде табысы туралы қосымша мәліметтер (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде) тапсырады.
Құжат қабылдау 9 желтоқсан сағат 09.00-18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 12.30-14.00 аралығы.