Ақтауда «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінен бастап 8а×6а×8×6 шағын ауданының жол қиылысына дейінгі автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған жолдың 8а×6а×8×6 шағын ауданының жол қиылысынан төтенше жағдайлар департаменті ғимаратына дейінгі бөлігі 7 желтоқсанда жабылады. Ал төтенше жағдайлар департаменті ғимаратынан бастап «Каспий жылу, су арнасы» мекемесіне дейінгі бөлігі 8 желтоқсанда жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.