ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ 11-07-2689 12.11.2024 ж.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның Маңғыстау өндірістік филиалының 2024 жылғы 30 қыркүйегіндегі №391-3914-2113 санды хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 01-12/1004 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- М.С. Тілектесованың, 2024 жылғы 25 маусымдағы №1254 жалдау құқығын сатып алу-сату туралы келісім шарты негізінде, Ақтау қаласы, 19 шағын аудан, №28/1 учаскесінде орналасқан, нысаналы мақсаты: мобильді павильон орналастыру және пайдалану үшін, көлемі 0,0150 гектар, кадастрлық нөмірі 13-200-031-236 жер учаскесі төмен қысымды жерасты газ құбырының күзет аймағында орналасуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
- М.С. Тілектесоваға келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
- «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.
Қала әкімі Ә. Байпақов