ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ 11-07-2690 12.11.2024ж.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 05 маусым № 01-22-412 санды хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-12-922 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Нургалиев Жумабек Орынбасаровичтің 2015 жылғы 11 қарашадағы №9880 шарты негізінде, Ақтау қаласы Шығыс-3 шағын ауданы, №255 учаскесінде орналасқан, нысаналы мақсаты: ойын-сауық және сауықтыру кешенінің құрылысын салу және пайдалану үшін, кадастрлық нөмірі 13-200-034-2090 жеке меншік құқығында тұрған көлемі 0,4 гектар жер учаскесіне ішкі автомобиль жолдарын салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
- Нургалиев Жумабек Орынбасаровичке келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
- «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.
Қала әкімі Ә. Байпақов