Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№ 11-07-2691                                                                                            12.11.2024 ж.

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының                                4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы                        1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 15 қазандағы №01-06-784 санды хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 16 қазандағы № 01-12-1002 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының      әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Tetis Construction» ЖШС-нің, 2019 жылғы 05 ақпандағы №1-1077 сатып алу-сату шарты негізінде, Ақтау қаласы, 16 шағын ауданы, №15/1 учаскесінде орналасқан, нысаналы мақсаты: көпфункционалды қоғамдық орталықтары, бизнес кешендері, тұрғын аудандары, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету саласының объектілері, инфрақұрылым, көлік тораптары және инженерлік коммуникациялары бар тұрғын үй кешендерін салу және пайдалану үшін, кадастрлық нөмірі 13-200-016-277, жеке меншік құқығында тұрған (жалпы көлемі 1,8478 гектардан) көлемі 0,5668 гектар бөлігіне «Ақтау қаласы 16 шағын

ауданында автомобиль жолдарын және шағын аудан ішіндегі инженерлік желілер салу (сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау)» Түзету жұмыс жобасын іске асыру мақсатында, автомобиль жолдарын және кәріз насостық станциясын салу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.

  1. Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
  2. «Tetis Construction» ЖШС-не келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
  4. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  5. Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қала әкімі                                                                                  Ә. Байпақов

Дата публикации
13 ноября 2024