Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1

«Ақтау қаласында сайлау учаскелерін  құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Ақтау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімге қосымшада:

№240 сайлау учаскеcі жаңа редакцияда жазылсын:

«№240 сайлау учаскесі

         Ақтау қаласы, 32а-шағын аудан, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы № 29 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

         Шекарасы: 32а-шағын ауданының № 1, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 үйлері, 32б-шағын ауданының № 2, 3 үйлері.».

№248 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№248 сайлау учаскесі

         Ақтау қаласы, 32а-шағын аудан, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы № 29 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

         Шекарасы: 32а-шағын ауданының № 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 27, 28, 29, 30 үйлері.».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Ақтау қалалық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
29 октября 2024