Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі №33/382 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Ақтау қалалық мәслихатының «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 10 шілдедегі № 33/382 (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 4259 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1- қосымшада:
екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
“1. "Ақ желкен" тұрғын алабында орналасқан автотұрақ алаңы;”.
үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
“2. №34 шағын ауданындағы "Достық үйі ғимаратының жанындағы автотұрақ алаңы;”.
көрсетілген шешімнің 2 қосымшадағы 4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
“1) “Ақ желкен” тұрғын массивінде орналасқан автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 200 адам;
2) №34 шағын аудандағы “Достық үйі” ғимараты жанындағы автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 100 адам;”.
Қалалық мәслихат төрағасы С. Закенов