Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

3 тоқсаны бойынша жағдай

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылы есеп беру

кездесулерінің қорытындысы бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Іс - шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Ескертпелер

 Ақтау қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскенұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

1.                  

Тұрғын-үймен қамту мәселесі

2020 жылIV тоқсан Н.АққұловА.ХамиевН.Қилыбай 18 ш/а 180 пәтерлі төрт тұрғын үй құрылысының мердігері анықталып, ТОО «Ас-құрылыс» құрылысын жүргізуде (1 - бөлмелі – 100 пәтер (41м2); 2- бөлмелі 60 пәтер (64м2); 3 - бөлмелі – 20 пәтер (109м2).18 ш/а №25 және №28 учаскелерінде 216 пәтерлік төрт тұрғын үй жобасы жасақталып оң қорытындысы (№15-0151/20 от 15.07.2020г.) алынды, іске асыру үшін қаражат қажет, құны 3,5 млрд. теңге.«Ондасын Строй» ЖШС мердігер мекемесі              19 А ш/а арендалық барлығы 144 пәтер екі тұрғын үй құрылысын аяқтап пайдалануға берілді (1 - бөлмелі – 72 пәтер (45м2); 2- бөлмелі 72 пәтер (67м2).  «Ондасын Строй» ЖШС мердігер мекемесі 19А ш/а № 41 учаскедегі бес тұрғын үй құрылысын жүргізуде (1 - бөлмелі – 216 пәтер; 2- бөлмелі 60 пәтер (64м2);.Мердігер мекемелері «Альянс Строй ЛТД-Р» ЖШС және «Еврострой» ЖШС «Акку-3» көпқабатты үйінен 670 пәтердің 446 пәтері құрылысын жүргізуде.
2.                  

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің жарықтың жиі сөнуі мәселесі

2020 жылIII тоқсан Б.ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай 33 ш/а және аталған тұрғын-үйі электр энергиясымен толық қамтылған. Желі істен шыққан жағдайда қызмет көрсетіп отырған КСК немесе «АУЭС» мекемесіне хабарласады.
3.                  

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйін газбен қамту мәселесі

2020 жылIV тоқсан Б.ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай Аталған тұрғын үйдің 7,9 қабатты үйінде газ құбыры бар, ал 12 қабатты үйіне газ құбырын салу жоба бойынша және нормаларға сәйкес қарастырылмаған.
4.                  

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің ауыз су мәселесі

2020 жылIV тоқсан Б.ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай 33 ш/а және аталған тұрғын-үйі ауыз су құбырымен толық қамтылған. Құбыр істен шыққан жағдайда қызмет көрсетіп отырған КСК немесе «КЖСА» мекемесіне хабарласады.
5.                  

Ақтау қаласының 35 ш/а аурухана салу мәселесі

2020 жылIV тоқсан Қ.ЖұмашевӘ.СағымбаевН. Қилыбай 35 ш/ауданда аурухана салуға жер орындары жоқ, себебі аталған шағынауданда тұрғын үй нысандары орналасқан, алайда жаңа 37 ш/ауданынан көлемі 4 га құрайын жер учаскесі облыстық денсаулық сақтау басқармасына емхана салуға рәсімделді.
6.                   «Приморский» т/м қаңғыбас иттердің көбеюіне байланысты иттерді жою  мәселесі 2020 жылжыл бойы Н. Қилыбай Өмірзақ ауылына қарасты «Приморский», «Приозерный», «Рауан» тұрғын массив аумақтарынан жылдың басынан 610 қаңғыбас ит ауланды, жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
7.                   Шығыс-2 және Шығыс-3 шағынаудандардың инфрақұрылымдарының құрылыстарын бастау 2020 жылIV тоқсан Н. АққұловШ.ТәжіғараевН. Қилыбай Шығыс-2 ш/а су және кәріз құбыры бойынша мердігер мекеме «Альянс ЛТД» ЖШС құрылысын жүргізіп жатыр, қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Шығыс-3 ш/а электр желісі бойынша мердігер мекеме «Электромонтаж» АҚ, құрылысын жүргізіп жатыр, жылдын соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Шығыс-3 ш/а су және кәріз құбырын салу бойынша мердігер «Көлсай» ЖШС құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, жылдын соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
8.                   Жаңа шағынаудандарды жылумен қамту үшін «Каспий энергетикалық хабының» сыртқы инфрақұрылымының құрылысын салу аясында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан АГРС орнатып магистралды газ құбырын салу» жобасын жүзеге асырсын 2020 жылIV тоқсан Б. ҚашақовА. ХамиевН. Қилыбай 16.04.2020 ж. мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер мекеме «СМК-4» ЖШС-мен 27.05.2020 жылы №81/20 келісім шарт жасақталды. Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаражат күтілуде.
9.                   Қаланың бас жоспарына сәйкес, №1–кәріз тазарту  құрылғысын кәріз насосты станциясына қайта құрылымдау жұмыстарын жүзеге асырсын 2020 жылIV тоқсан Б. ҚашақовА. ХамиевН. Қилыбай Жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтауға бюджеттен қаражат күтілуде.
10.               Теңіз жағалауын  туризмге бағытталған кешенді шаралармен толықтыруға ұсыныстар әзірлеп жүзеге асырсын 2020 жылIV тоқсан Н. ҚилыбайН. АйтжанН. Қилыбай Ақтау қаласының теңіз жағалауын қала тұрғындарына және қонақтарға қолайлы ету мақсатында 15А,14А ш/а, «Жартас соқпағы» салынды, қазіргі таңда Жартас соқпағынан  «Сарбаз» жағалауы аралығын абаттандыру бойынша, жобалық- сметалық құжаттамалары жасақталуда.
11.               2019 жылы «Нұрлы жер» және «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламалары аясында Ақтау қаласының жаңа және төменгі шағынаудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етудің жобаларын жүзеге асырсын 2020 жылIV тоқсан Б. ҚашақовА. ХамиевН. Қилыбай 2019 жылы 17,18А ш/а электр энергиясының толық құрылысы аяқталып іске қосылды.2020 жылы 16,18,19,19а, ш/аудандарды электр энергиясымен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Төменгі шағынаудандарды электр энергиясымен қамту мақсатында «Хазар» БТҚ құрылысы салынуда. Қаланын төменгі шағынаудандарына электр энергиясын күшейту мақсатында, ағымдағы жылы ГПП "Хазар" 110/6 кВ нысанның құрылысы аяқталды.Жаңа шағынаудандарын қамту мақсатында «Каспий энергетикалық ХАБы» сыртқы инфрақұрылым құрылысы щеңберінде кернеуі 110 кВ электр тарату желісін және 110/10 кВ ҚС 2 қосалқы станциясын салу» нысаны құрылысын  «Электромонтаж» ЖШС жасақтауда.
12.               33 және 35 шағынаудандардың арасын қосатын автожолы, Өмірзақ ауылынан «МАЭК-Казатомпромның» су каналына дейінгі автожол құрылыстарын аяқтасын 2020 жылIV тоқсан Н. АққұловБ.ЕрежеповН. Қилыбай 33,34,34А ш/а бойындағы №26 автожолды салуға                  2020 жылы 30 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың соңына дейін жолдың жиектастарын және жолдың негізін (основание автодороги) аяқтау жоспарлануда.Өмірзақ ауылынан «МАЭК-Казатомпромның» су каналына дейінгі автожол құрылысын Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізіп, толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.
13.               Қалада білім, денсаулық сақтау салаларындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін қажетті мамандарды өңірге шақырту арқылы, тиісті шараларды қамтамасыз етсін 2020 жылIV тоқсан Қ. ЖұмашевА. СейдалиевӘ. СағымбаевН. Қилыбай Мектептердегі орыс тілді пәндерінің мұғалім тапшылығын азайту мақсатында мектеп басшылығы бос вакансияларды enbek.kz порталына жариялап, нәтижесінде жергілікті Ш.Есенов университетін орыс тілі мен әдебиетті бітірген 4 студенті қаланың №12,14,16,28 мектептеріне орналасты.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар
14.              

Ақтау қаласында спорт кешендерінің алыс орналасу мәселесі

2020 жылIV тоқсан Қ.ЖұмашевҚ.ЖұмабаевН. Қилыбай Қаланың ішінен жаңа спорт нысандарды салуға жер орындарының жетіспеуіне байланысты, аталған мәселе қазіргі таңда пайдаланып жатқан ашық спорт алаңдарын салу және жөндеу арқылы шешілуде.
15.              

Ақтау қаласындағы маршрут тасымалы мәселесі

2020 жылIV тоқсан Н.АққұловБ.ЕрежеповН. Қилыбай Ақтау қаласының қоғамдық көлік автобустарын жаңарту бойынша 18 дана автобус сатып алынды. Автобустарды тасымалдаушы мекемелерге тапсыру бойынша «Каспий» ӘКК тарапынан келісім-шарт дайындалуда. Автобустарды іске қосу қазан айының соңына жейін жоспарлануда.
16.              

Пәтерлерде су қарқынының бәсеңдеу мәселесі

2020 жылI тоқсан Б.ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай  «КЖСА» мекемесі тұрғын үйлердің шекараларына дейін толық суларын жеткізуде, тұрғын үйдің ішіндегі құбырларға КСК-лар қызмет көрсетеді.
17.              

Ақтау қаласын көгалдандыру мәселесі

2020 жылIII тоқсан Б.ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай Ағымдағы жылы қаланың көгалдандыру жұмыстарын мердігер мекеме «Атамекен» мүгедектерді қолдау қоры» Қоғамдық бірлестігімен 840,0 млн теңгеге (ҚҚС қосылғанда) 05.03.2020 жылы келісім-шарт жасақталды.2020 жылға қала аумағына жаңадан жасыл желектер отырғызбауға шешім қабылданды. Оның орнына жаңадан суару құбырларын шағынаудан периметрлері, саябақтар, скверлер және әуежай жолына орнатылды. Бұл жұмыстар қаланың орталық жолдарында арнайы суару техникалар (водовоз) жүргізбей шағынаудан іштеріне жұмылдырылды. Одан бөлек шағынаудан периметрлері, саябақтар, скверлерге органикалық тыңайтқыштар төселді. Алайда, тамыз айының 26 жұлдызында «Атамекен» мүгедектерді қолдау қоры» Қоғамдық бірлестігімен қаланы көгалдандыру жұмыстарын тиісті деңгейде орындамауына байланысты келісім-шарт біржақты бұзылды. Қазіргі таңда қаланы көгалдандыру мен жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстарын «Қала жолдары» ЖШС атқаруда.
18.              

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің алдында ойын алаңының мәселесі

2020 жылIV тоқсан Б.ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай 2020 жылдың қазан айында спорт алаңы жөндеуден өткізіледі.
19.              

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің алдындағы жасыл желектерді отырғызу және суару мәселесі

2020 жылIII тоқсан Б.ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай Ағымдағы жылы көгалдандыру жұмыстары аясында күтіп ұстау және жүрмелі автокөліктермен /водовоз/ суару жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді.
20.              

Ақтау қаласының 33 ш/а жабық аялдама салу мәселесі

2020 жылIII тоқсан Н.АққұловБ.ЕрежеповН. Қилыбай Қазіргі таңда халық көп шоғырланатын                                20 аялдаманың тізімі жасақталды. Тізімде 33 ш/а орналасқан аялдама  бар. Бюджеттен қаражат бөлінген уақытта аялдамалар орналастырылады.
21.              

Шағынаудан ішілік жол мәселесі

2020 жылIV тоқсан Н.АққұловН. Қилыбай Шағын аудан ішкі жолдарына ағымдағы және шұңқырлы жұмыстарын жүргізуге 2020-2022 жылға бекітілген бюджеттен 91,4 млн. теңге қарастырылған (18 900 м²). Бүгінгі күні қала аумағында жұмыстар жүргізілуде. Осы күнге дейін 5, 9, 13, 14, 15, 22, 28, 28а, 29, Толқын-1 Шығыс-2 шағынаудандарында жөндеу жұмыстары толық жүргізілді (Мердігер мекеме «Ондасын Строй» ЖШС).Одан бөлек 2,6,7,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізілуде (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары). Аталған жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады. 
22.              

Тротуарлар салу мәселесі

2020 жылIV тоқсан Н.АққұловН. Қилыбай Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен қаладағы         3, 4, 8а шағынаудандар периметрлерінің жаяу жүргіншілер жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаражат қаралған. Бүгінгі күні жұмыстары толықтай аяқталды. (Мердігер мекелелер «Ағашты-1», «Беркан Cервис», «WestGlobalConstraction» ЖШС-тері).
23.              

Ақтау қаласында ойын алаңының мәселесі

2020 жылIV тоқсан Б.ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай Барлығы қала бойынша 264 балалар ойын алаңы бар, оның 124 жөндеуді қажет етеді. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 9 жаңа балалар ойын алаңын орнатуға 90,0  млн. теңге қаражат бөлінген. Орнатылатын мекен жайлар: 3а-25, 3-44, 4-22, 4-58, 11-3, 14-40, 31б-30, Рауан және Приморский тұрғын үй массивтері. Барлығы толықтай орнатылды. (Мердігер мекеме «Ондасын Строй» ЖШС).
24.               Құбыр ұзындығы 17,3 км болатын «КОС-1-ден КОС-2-ге дейінгі ағынды коллектор құрылысы» бойынша жобасын пайдалануға беруді қамтамасыз етсін 2020 жылIV тоқсан Б. ҚашақовА. ХамиевН. Қилыбай «КОС-1-ден КОС-2-ге дейінгі ағынды коллектор құрылысы» нысаны бойынша "Фирма В и К ЛТД " ЖШС мердігер мекемесімен құрылысы жүруде. Нысанды толықтай аяқтауға бюджеттен қосымша қаржаттар қажет етеді.
25.               «Приморский» т/м су құбыры жарылған жағдайда ауыл тұрғындары сусыз қалмау мақсатында орталық кран қою мәселесі 2020 жылIV тоқсан Б. ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай «Приморский» т/м су құбыры жарылған жағдайда ауыл тұрғындары сусыз қалмау мақсатында әр көшеге кран қоюға 12  млн. теңге сомасындағы қаражат бөлініп, мердігер «Ақтау тұрғынүй» МКК-мен келісім-шарт жасақталды. Ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылды.
26.               «Приморский» т/м жарықталмаған көшелеріне жарық шамдарын орнату мәселесі 2020 жылIV тоқсан Б. ҚашақовА.ХамиевН. Қилыбай Приморский тұрғын массивінің барлық көшелері жарық шамдармен қамтылған, 369 жарық шамдарының барлығы жанып тұр. Қызмет көрсететін мекеме – «АУЭС» МКК.
27.               «Рауан» т/м тұрғындарына балабақша, спорт ойын алаңдарын салу мәселесі 2020 жылIV тоқсан А.СейдалиевН. Қилыбай Рауан тұрғын массивінде 100 орындықты «Рауан» жеке балабақша жұмыс жасап тұр (2018 жылы іске қосылған). Онда 100 бала тәрбиеленуде.Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 9 жаңа балалар ойын алаңын орнатуға 90,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда Рауан тұрғын үй массивінен балалар ойын алаңы мен спорт алаңы  салынды. (Мердігер мекеме «Ондасын Строй» ЖШС).
28.               Қала бойынша балалар ойын алаңдарын және  спорт алаңын салу мәселесі 2020 жылIV тоқсан Н. Қилыбай Қала бойынша 264 балалар ойын алаңы бар, оның 124 жөндеуді қажет етеді. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 9 жаңа балалар ойын алаңын орнатуға 90,0  млн. теңге қаражат бөлінген. Орнатылған мекен жайлар: 3а-25, 3-44, 4-22, 4-58, 11-3, 14-40, 31б-30, Рауан және Приморский тұрғын үй массивтері. Барлығы толықтай орнатылды. (Мердігер мекеме «Ондасын Строй» ЖШС).Қала бойынша 131 спорт алаңдары бар, оның 37 күрделі жөндеуді 43 ағымдағы жөндеуді талап етеді. Ағымдағы жылы 5 спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарына  72 млн. 962 мың теңге бөлінді. Мекен-жайлары: 11-21(2 дана), 17-Дукат, Рауан тұрғын массиві, 28а-6, 32а-13. Барлық жұмыстар толықтай аяқталды. (Мердігер мекеме «Заман Актау-К» ЖШС).
29.               Шағын ауданның ішкі жолдарын ағымдық және шұңқырлы жұмыстарын жүргізу мәселесі 2020 жылIV тоқсан Н. АққұловБ.ЕрежеповН. Қилыбай Шағын аудан ішкі жолдарына ағымдағы және шұңқырлы жөндеу жұмыстарына жүргізуге 2020-2022 жылға бекітілген бюджеттен 91,4 млн. теңге қарастырылған (18 900 м²). Бүгінгі күні қала аумағында жұмыстар жүргізілуде. Осы күнге дейін 5, 9, 13, 14, 15, 22, 28, 28а, 29, Толқын-1 Шығыс-2 шағынаудандарында жөндеу жұмыстары толық жүргізілді (Мердігер мекеме «Ондасын Строй» ЖШС).Одан бөлек 2,6,7,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізілуде (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары). Аталған жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады.
30.               Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары мен жер учаскелері дайын жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін 2020 жылIV тоқсан Қ. ЖұмашевА. СейдалиевН. Қилыбай Үш ауысымдықты жою мақсатында қазіргі таңда  Шығыс-1 ш/а 300 орындықты мектеп және 34 ш/а 900 орындық мектеп құрылыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда.Одан бөлек  17 ш/а 300 орындық мектептің жобасы дайын бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда құрылысы басталады.18,19А,31А ш/а  әрқайсысы 1200 орындық мектептің жобалары дайын бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда құрылыстары басталады.16,19 ш/а 1200 орындық мектептің жобасы жасақталуда.Қосымша 32А ш/а, орта мектепке жапсырма салу жобасы дайын бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда құрылысы басталады.
31.               Шағынауданішілік жолдарды ағымдағы жөндеу мен қалаішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат қарастырсын 2020 жылIV тоқсан Ә. ҚыраубаевМ. АльбековаН. Қилыбай 2020 жылы Жұмыспен қамту жол картасы-2020 аясында қалаішілік №6 автожолға (№21 автожол қиылысынан №9 автожол қиылысына дейін)                32,1 млн. теңге (Мердігер мекеме «Казпетрокон» ЖШС), №21 автожолға (6-автожол қиылысынан 16-қиылысына дейін) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 69,1 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. (Мердігер мекеме «Актау+НШ» ЖШС).Шағын аудан ішкі жолдарына ағымдағы және шұңқырлы жөндеу жұмыстарына жүргізуге 2020-2022 жылға бекітілген бюджеттен 91,4 млн. теңге қарастырылған (18 900 м²). Бүгінгі күні қала аумағында жұмыстар жүргізілуде. Осы күнге дейін 5, 9, 13, 14, 15, 22, 28, 28а, 29, Толқын-1 Шығыс-2 шағынаудандарында жөндеу жұмыстары толық жүргізілді (Мердігер мекеме «Ондасын Строй» ЖШС).Одан бөлек 2,6,7,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізілуде (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары). Аталған жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады.
32.               Тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу өткінші жолдарын (пешеход) жарықтандыруға қаражат бөлу мүмкіндігін қарасын 2020 жылIV тоқсан Ә. ҚыраубаевМ. АльбековаН. Қилыбай Қала бойынша жарықтандырылатын 175 жаяу жүргінші өтпелері анықталды. Аталған жаяу жүргінші өтпелерін жарықтандыру мақсатында  бюджетке ұсыным беріліп, тиісті қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар жүрізілетін болады.
33.               Қоғамдық көлікте мүгедектерді (1-топ, 2-топ), көп балалы аналарды, бала жастан 1-ші және 2-ші топ мүгедектерін, Чернобль атом станциясы апатының мүгедектерін, Ақтау қаласының Құрметті азаматтарын тегін жүргізуге субсидияға бюджеттен қажетті қаражат бөлу мүмкіндігін қарасын 2020 жылIV тоқсан Ә. ҚыраубаевМ. АльбековаН. Қилыбай Жергілікті бюджеттен көрсетілген санаттағы барлығы 9438 азаматтарды тегін тасымалдауға 70 млн. теңге қаражат қарастырылған. 3500-ге жуық адамға тегін жүру карточкасы берілді. Қалған азаматтарға карточкаларды ағымдағы жылдың қазан айынан бастап үйлеріне тарату жұмыстары жүргізілетін болады.
34.              

Ақтау қаласындағы жол кептелісі мәселесі

2020 жылIV тоқсан Н.АққұловБ.ЕрежеповН. Қилыбай Қаланың 27 автожолдарын және автотұрақтарды кеңейту бойынша  жоба дайын, мердігер мекеме – «Ақжол+К» ЖШС, бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі.
35.               Шығыс-1,2,3 ш/а мектеп салу мәселесі 2020 жылIV тоқсан Қ. ЖұмашевА.СейдалиевН. Қилыбай Шығыс-1 ш/а 300 орындықты мектеп құрылысы «Жұмыспен қамту  жол картасы» аясында жүргізілуде, жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 
Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар
36.              

Ақтау қаласының жағажайында үй салу арқылы теңіз жағалауын жауып тастау, соған сәйкес тұрғындарға қолайсыз жағдай туғызу мәселесі

2020 жылIV тоқсан Н.АққұловШ.ТәжіғараевН. Қилыбай Қаланың теңіз жағалауы 15А ш/аудан «Самал» қонақ үйінен бастап 1 ш/аудандағы «Сарбаз» жағалауына дейінгі аралық тұрғындар мен қонақтарға серуендеуге арналған аумақ болып табылады. Айналасында автотұрақтар, қоғамдық әжетхана жабдықталған. 4А ш/а құрылысын бастағысы келген жаңа көпқабатты тұрғын кешеннің мәселесі бойынша МО Экология Департаменті 16.07.2020 жылы онлайн форматта қоғамдық тыңдаулар өткізіп, қазіргі таңда аталған нысанның эскиздік жобасы бекітілді («ХафитПропертис-Актау» ЖШС).
37.               «Приморский» т/м қазылған жол құрылысын қайта қалпына келтіру мәселесі 2020 жыл маусым Н. АққұловШ.ТәжіғараевН. Қилыбай  «Шебер құрылыс» ЖШС инженерлік желілер құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуіне байланысты жол құрылысы бұзылған болатын. Бұзылған жол қалпына келтірілді.
38.               Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттарды демалыс күндері қатынау мәселесін бақылауға алу 2020 жылжыл бойы Н. АққұловБ.ЕрежеповН. Қилыбай Қазіргі таңда Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттары демалыс күндері үздіксіз қатынауда (интервал 1 сағат сайын)
39.               «Приморский» т/м жанындағы жиналған көлді жою мәселесі 2020 жылнаурыз Б. ҚашақовД.ҚұсбековН. Қилыбай  «Приморский» т/м жанындағы жиналған көлді жою бойынша толықтай құм төселіп, қоқыстары алынып, жұмыстар атқарылды.
40.               «Ақжүніс» көпбалалы қоғамның мүшелеріне жиналатын бөлме тауып беру мәселесі 2020 жылIV тоқсан Қ. ЖұмашевН. Қилыбай «Ақжүніс» көпбалалы қоғамның мүшелеріне Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығынан жиналуға бөлме берілді.Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы аналар жеке кәсібін ашуға, арнайы мамандардан қолөнерді, тігіншілік кәсіпті үйренуге, басқа да шеберлік сыныптарын өткізуге, өздерін толғандырған мәселелерге байланысты кеңес алуға 29 ш/а №24 үйдің 1 қабатынан «Жанұя» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды.
41.               Есту, сөйлеу қабілеті жоқ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі 2020 жылIV тоқсан Қ. ЖұмашевЖ.ДосполоваН. Қилыбай Есту, сөйлеу қабілеті жоқ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында 03.03.2020 жылы шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 2 адам тұрақты,                       2 адам қоғамдық жұмысқа орналастырылды, 1 адам мемлекеттік грант алып, визажист ретінде өз ісін ашты.
42.               ДЦП-мен ауыратын балаларды жекеменшік емес мемлекеттік оңалту орталығы арқылы емдеу үшін орталықтарды салу мәселесі бойынша денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс жолдау  2020 жылнаурыз Қ. ЖұмашевӘ. СағымбаевН. Қилыбай Ақтау қаласында орналасқан, Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты «Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген және сөйлеу тілінде кемшіліктері бар балаларға арналған №4 арнайы балабақшада 185 бала; «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» 128 бала «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп интернатында» 176 бала тәрбиеленуде және «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында» 6175 бала тіркелген.Одан бөлек, халыққа тегін кепілді медициналық көмек көрсету көлемі шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде оңалту (реабилитация) қызметі ұйымдастырылған, олар: Нейрон (40 орын), Сенім (15 орын), Ерме Мед (15 орын) медициналық орталықтарында тәулік бойынша жатып емделетін стационар, АҚЕ-1, АҚЕ-2, Софи-Мед, Ясин, Медикер, Каспий орталықтарында күндізгі стационар оңалту қызметін көрсетеді. Оңалту орталықтарында науқастар тегін қызмет алады.
43.               Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге одан әрі қолдау көрсетілсін, кәсіпкерлік жобалар әрдайым сүйемелденсін, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастырылсын 2020 жыл Н. Қилыбай 2020 жылы қала бойынша 3 рет аукцион өткізіліп, жалпы көлемі 6,2782 гектар құрайтын 13 жер учаскесі 268 009 206 теңгеге (кадастрлық бағасы – 144 925 162 теңге) сатылып, бюджет кірісіне түсті.Алдағы уақытта ағымдағы жылдың аяғына дейін қосымша сауда-саттық ұйымдастыру жұмыстары жоспарлануда.
Демеушілер қаржысы есебінен
44.              

Ақтау қаласында велотұрақтар салу мәселесі

2020 жылIV тоқсан Н.АққұловБ.ЕрежеповН. Қилыбай Қаланың жаңадан салынатын автожолдарының жобасында велосипедтерге арналған арнайы жолдар қарастырылған. Қала тұрғындарына теңіз жағалауында велосипед айдайтын  арнайы белгіленген жолақтар бар.
45.               Қаладағы  Жаңаөзен, Ақшұқыр, Тельман, Шетпе бағытындағы таксилерді бір жерге шоғырландыру мәселесі 2020 жылIV тоқсан Н. АққұловБ.ЕрежеповН. Қилыбай 29А ш/а «Нұр Плаза» қонақ үйі жанындағы «Ақтау қалалық жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміндегі 2,1 га құрайтын жерге такси тұрағын салуға қазіргі таңда инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде.

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ акимов всех уровней по итогам отчетных встреч на 2020 год
Дата публикации
07 октября 2020