Ақтау қаласы әкімдігінің "Халық қатысатын бюджет" жобасын ұйымдастыруы туралы Ереже

Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ереже Ақтау қаласы әкімдігінің "Халық қатысатын бюджет" жобасын ұйымдастыру туралы (бұдан әрі - Ереже), азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Ақтау қаласының аумағын дамыту мен абаттандыруға бағытталған.
  2. Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) әкімдік – Ақтау қаласының әкімдігі;

2) автор – осы Ережеде белгіленген тәртіппен жобалық ұсынысты дайындаған және конкурсқа ұсынған тұлға. Жобалық ұсыныстың авторы Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;

3) жобалық ұсыныс - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қазақстан Республикасының азаматы дайындаған және берген, іске асырылуы Ақтау қаласы әкімдігінің құзыретіне жататын және осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген құжат. Үлгілік жобалық құжаттар ресми Интернет-ресурста орналастырылуы тиіс;

4) дауыс беру  – Интернет-ресурсында электронды түрде дауыс беру арқылы авторлар берген жобалық ұсыныстар арасында жеңімпаздарды анықтау процесі;

5) әкімдіктің сараптамалық кеңесі - "Халық қатысатын бюджеті" бойынша бойынша Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кеңесші орган;

6) Интернет-ресурс – ______________________.

  1. Ақтау қаласында "Халық қатысатын бюджет" жобасын қаржыландырудың жалпы көлемі 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобына қарастырылған қаражаттың 1 пайызын құрайды. құрайды.
  2. Жобалық ұсыныстарды іске асыру мерзімі бір бюджеттік жыл.
  3. Егер жобаны іске асыру жер учаскесін пайдалануды көздеген жағдайда, соңғысы жобалық ұсынысты іске асыру жоспарланып отырған аумақтық қатыстылығы бойынша Ақтау қаласына тиесілі және коммуналдық меншігінде болуы тиіс.
  4. Берілген сәтте, бір жобалық ұсыныстың ең жоғары құны ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10 000 еселенген АЕК-тен аспауы тиіс.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің "Халық қатысатын бюджет" жобасын ұйымдастыруы туралы Ереже
Дата публикации
06 октября 2020