



2024 жылғы 13-14 қыркүйекте Ақтау қаласы референдумының учаскелік комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары үшін алдағы республикалық референдумға дайындыққа арналған оқу семинары өтті. Семинарға учаскелік референдум комиссияларының 255 мүшесі қатысты.
Семинарды Ақтау қалалық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары А. О. Куспанова ашып, аталған референдумның қоғам үшін маңызды мәнін және процестің барлық қатысушыларын мұқият даярлау қажеттігін атап өтті. Өз сөзінде дауыс берудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін барлық заңнамалық нормалар мен стандарттарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында учаскелік референдум комиссия мүшелерімен референдумды ұйымдастырудың негізгі аспектілерді, соның ішінде қатысушыларды тіркеу рәсімдерді, республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жағдай жасау жөніндегі шараларды, сондай-ақ дауыстарды санау әдістерді және тағы басқа мәселелерді талқылады. Аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттердің бақылаушыларымен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Ақтау қалалық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Б.К. Изгалиев референдум күні түсетін өтініш пен шағымдарды қарау және оларды жедел шешу тәсілдерін атап өтіп, сонымен қатар учаскелерде жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және "Республикалық референдум туралы" Конституциялық Заңдарды білу және тағы басқа сұрақтар бойынша тестілеуден өтті.
Семинар сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қосымша туындаған мәселелер талқыланды.
Ақтау қалалық аумақтық референдум комиссиясы