2024 жылғы 10 қыркүйекте учаскелік референдум комиссияларының төрағаларымен отырыс өтті

Ақтау қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағаларымен жиын өтті

   

   

   2024 жылдың 10 қыркүйегінде Ақтау қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Е.С.Скендировтың төрағалығымен учаскелік референдум комиссиясы төрағаларымен оқу-түсіндірме жиыны өтті.

   Жиында Ақтау қалалық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары А.Куспанова 2024 жылғы 6 қазанда өтетін республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөнінде негізгі іс-шаралар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   Сонымен қатар, жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.

   Аталған жиынға 85 учаскелік референдум комиссия төрағалары қатысты.

   Жиын соңында комиссия төрағасы Е.Скендиров маңызды саяси науқанды аса жауапкершілікпен өткізу бойынша жауаптыларға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

 

Ақтау қалалық аумақтық референдум комиссиясы

Дата публикации
11 сентября 2024