Ақтау қаласының аумақтық референдум комиссиясының құрамы,
орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы
хабарлама
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысына сәйкес Ақтау қалалық аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жерін және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Ақтау қаласының аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, №2 ғимарат, 306 кабинет, телефон: 8 7292 (код) 302484
Ақтау қаласының аумақтық референдум комиссиясының құрамы:
Комиссия төрағасы - Скендиров Ергали Сисенгалиевич
төраға орынбасары - Куспанова Айнур Оразовна
хатшы - Сырлыбаева Меруерт Ыскаковна
комиссия мүшелері: Айладыр Нұрсейіт Есмұратұлы, Гумаров Нұрлыбек Русланұлы, Демепбергенова Айдана Бақбергенқызы, Изгалиев Берик Кабилович
Ақтау қаласының аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: сағат 09.00-18.30, үзіліс 12.30-14.00
Ақтау қалалық аумақтық референдум комиссиясы