Ақтау қалалық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңдарына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №05-10-1391 және №05-10-1399 ұсыныстары негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшаға сәйкес өзгертер енгізілсін.
  2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы. Көшербай).
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қалалық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
25 сентября 2020