Жоба
Ақтау қалалық мәслихатының
Шешімі
Ақтау қаласы №_____ _________2024 жыл
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №9/54 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 45 665 165,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 30 959 274,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 187 697 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 3 443 812,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 11 074 382,0 мың теңге;
2) шығындар – 49 743 835,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 464 657,6 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 6 577 918,6 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 113 261,0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 10 543 327,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
-10 543 327,3 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 6 577 918,6 мың теңге;
қарыздарды өтеу –113 261,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4 078 669,7 теңге.
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 4-қосымша осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ақтау қалалық
мәслихатының төрағасы С.Т. Закенов