ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№_______ «___»__________2020 ж.
Ақтау қаласының әкімдігінің 2020 жылғы
28 ақпандағы №465 «2020 жылға арналған
мектепкедейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2020 жылға арналған мектепкедейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Ақтау қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 465 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4140 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Тулебаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Байпақовқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Қилыбай