Жобаның мақсаты ауылдық жерлерді қажетті еңбек ресурстарымен - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік өндірістер мамандарымен қамтып, кадрлық әлеуетті қалыптастыру мәселелерін шешуге жағдай жасау.
Қаладан немесе басқа да елді мекендерден ауылдық жерге (Өмірзақ селосы) жұмыс істеу және тұру үшін келген (2009 жылдан бастап) келесі салалардағы мамандарға қолдау шараларын ұсыну Заңмен қарастырылған:
Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға!» жобасына қатыса алады:
- енді ғана диплом алған оқу орындарының түлектері,
- 2009 жылдан бері селоға жұмыс істеу және тұру үшін келген қызмет өтілі бар мамандар.
Әлеуметтік қолдау шаралары:
Сонымен бірге, Өмірзақ селосында орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы ұйымдарындағы маман өзіне 3 жылдан кем емес еңбегін өтеу міндеттемесін мойнына алады.
Жобаға қатысуға документтер тізімі:
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады. Сұрақтар бойынша «Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау» ММ-не жүгіну
Мекен-жай: 4 ш/а, қалалық әкімшілік ғимараты, 420 бөлме