Пояснительная записка

Мемлекеттік органдар

(тізім бойынша)

 

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ЗРК Экологиялық кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және басқа да объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға байланысты, қоршаған ортаға араласудың басқа түрлерімен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен байланысты жоспарланған қызметі, сондай-ақ осындай өзгерістерге қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.

Кодекстің 68 бабының 5 тармағы 2 тармақшасына сәйкес, егер бастамашы жоспарланған қызмет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын өтініш берсе, уәкілетті орган оның көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

Мүдделі мемлекеттік органдар - бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, құзыретіне жоспарланған қызметтің құрамына кіретін бір немесе бірнеше қызмет түрлерін реттеуді қамтитын мемлекеттік органдар. Осындай қызмет түрлері үшін рұқсат беру немесе хабарлама алу, сондай-ақ зардап шеккен аумақтың ішінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары.

Осыған байланысты, Кодекстің 68 бабының 5 тармағы 2 тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «Dunga Operating GmbH» Қазақстан Республикасындағы Филиалы, «ТехПромМаркет.kz» ЖШС-нің белгіленіп отырған қызметтері туралы өтініштерін (бұдан әрі – Өтініш) қарастыру үшін жолдайды.

Сонымен бірге, Кодекстің 68 бабының 9 тармағына сәйкес, жоғарыдағы мәлімделген Өтінішке өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне ағымдағы жылдың 1 тамызға дейін беруіңіз қажет.

Сонымен қатар, Кодекстің 68 бабының 6 тармағына сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны интернет-ресурстарға орналастырады.

 

Өтініш __ бетте.

 

Департамент басшысы                                                               А. Джусупкалиев

Дата публикации
25 июля 2024