Негізгі міндетіміз сапалы мемлекеттік қызмет көрсету!
Ақтау қаласының әкімдігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 Заңына және бектілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 60 (60 кіші топ) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынады.
2023 жылдың 6 айында 86 мемлекеттік қызмет түрінен- 65394 қызмет көрсетсе, 2024 жылдың 6 айында 65 мемлекеттік қызмет түрінен 42282 қызмет көрсетілген.
Оның ішінде электронды портал арқылы 15444 (2023 ж. 6 айында-31381) қызмет көрсетілді. Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда электрондық түрде қызмет көрсету үлесі 1,5 есе төмен түсіп отыр.
Оның басты себебі 29.06.2023 жылғы № 11-07/1137 Ақтау қалалық хал актілерін тіркеу бөлімін тарату туралы қаулысына сәйкес, АХАТ бөлімінің «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы қатарына ауысуы, сонымен қатар, 13.06.2023 жылғы № 75 Маңғыстау облысының қаулысына сәйкес, Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының Маңғыстау облыстық еңбек мобилдігі орталығының қатарына енуі болып отыр. Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тиімділігін түсіндіру бойынша 39 іс-шаралар өткізіліп, оған 1607 адам қатысты. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін қала аумағында 75 «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың басты ерекшеліктерінің бірі–уақыттың үнемделуі. «Еgov.kz» порталының мүмкіндіктерін пайдалану үшін үйден шығудың немесе жұмыстан арнайы сұранудың мүлдем қажеті жоқ.
«Электронды цифрлық қолтаңба, Электронды үкімет» - елімізге ашықтық пен құзырлы органдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуде. Алдағы уақытта да халыққа тиімді тұстарды жетілдіретіні сөзсіз.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Ақтау қаласы әкімінің аппараты