Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2024 жылғы 06 ақпандағы № 11 «2024-2026 жылдарға арналған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік бағдарламалары туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Ақтау қалалық экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің 2024 жылғы 06 ақпандағы

№ 11  «2024-2026  жылдарға арналған қалалық

экономика және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің бюджеттік бағдарламалары туралы»

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және қалалық маслихаттың 2024 жылғы       19 сәуірдегі №12/74 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешімі негізінде, -БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлаубөлімінің 2022-2024 жылдарға арналған келесі бюджеттік бағдарламасы бекітілсін:

          453.001. «Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында экономиканы қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасын 1 қосымшаға сәйкес;

453.004. «Мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасын 2 қосымшаға сәйкес;

  1. Бюджеттік жоспарлау және есептілік секторыныңмеңгерушісі (Ж. Азан) осы бұйрық бекітілгеннен кейін, үш күнтізбелік күн ішінде қала әкімінің веб-сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін. 
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Бөлім басшысы                                                             Ж. Туркменбаева

Дата публикации
05 июня 2024