Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 748 және Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 30/349 «Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ

 

20______жылғы___________                                                      №_________________________

 

Ақтау қаласы                                                                                город Актау

                                                     

Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 748 және

Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 30/349 «Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі №748 және Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы №30/349 бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4186 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) адамдардың жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы»;

көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақысын төлеу

жөніндегі жеңілдік, жеңілдікке құқығын растайтын құжаты болған кезде (айына алпыс реттен аспайтын), келесідей адамдардың жекелеген санаттарына белгіленсін:

         бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар аналарға;

         Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматтары;

         бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

         бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;

         1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

         «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

         Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғалар.

  1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

            Лауызымы                                                                          Аты-жөні

Дата публикации
24 мая 2024