Құқықтық мониторинг жүргізу барысында не білу қажет?

Құқықтық мониторингті жүргізу және үйлестіру

Құқықтық мониторингті мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылған не өздерінің құзыретіне жататын НҚА қатысты жүргізеді.

Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелерін талдайды және НҚА-де кемшіліктер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті НҚА жобаларын әзірлеу жөнінде шаралар қабылдайды.

(мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне)

 

Мемлекеттік органдарда құқықтық мониторинг жөніндегі бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, олар болмаған жағдайда мемлекеттік органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (әрі қарай - заң қызметтері) жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері заң қызметтеріне талдамалық анықтамаларды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің      2023 жылғы 11 шiлдедегi №471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына (әрі қарай - Қағидалар) 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және/немесе құқық нормаларында кемшіліктері жоқ НҚА тізбесін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынады.

(мерзімі: тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне)

 

Құқықтық мониторингке жататын НҚА тізбесі және олар бойынша жауапты мемлекеттік орган, сондай-ақ құқықтық мониторинг жүргізу мерзімдері Қағидаларда белгіленген мерзімдерге сәйкес НҚА тіркелімдеріне сәйкес белгіленеді.

НҚА туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында мәслихаттар, әкімдіктер және тексеру комиссиясы құқықтық мониторингке жататын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері бойынша НҚА тіркелімдерін (әрі қарай – тіркелімдер) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әрбір НҚА бойынша жеке-жеке жүргізіледі.

Тіркелімдер электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

Тіркелімдерге мәліметтерді енгізу НҚА қолданысқа енгізілгеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

Жүргізілген құқықтық мониторингтің қорытындысы бойынша мәслихаттар, әкімдіктер және тексеру комиссиясы әділет органдарына Қағидаларға            4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде жібереді.

Құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар әділет органдарына кадр және шаруашылық мәселелері жөніндегі құқықтық актілерді қоспағанда, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары қабылдаған актілердің тізбесін жылына екі рет бірінші жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша жібереді.

(мерзімі: ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін)

Дата публикации
22 мая 2024