Осы Әдістеме нормативтік құқықтық актілерді (әрі қарай-НҚА) әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қызметімен айналысатын жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қолдануға арналады.
Жергілікті мемлекеттік органдар тікелей құзыреті болған жағдайда ғана НҚА әзірлейді /«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 34-бабы 3-тармағы/.
1-кезең.
НҚА жобасы қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді.
НҚА жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
НҚА жобасына түсіндірме жазба және өзгеріс/толықтыру (лар) енгізілген жағдайда салыстырма кестесі қоса дайындалады (қазақ және орыс тілдерінде).
Түсіндірме жазба нысаны Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 5 шiлдедегi №464 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 1-қосымшасында келтірілген.
Салыстырма кестеде енгізілетін түзетулер бөліп көрсетіліп, әрбір енгізілетін өзгеріс және/немесе толықтыру бойынша жоғары тұрған НҚА-ге, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларына сілтеме жасалып және нақты негіздемелер көрсетіледі.