Ақтау қаласы бойынша 2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы

(жоба)

 

Ақтау қаласы бойынша 2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі                                 «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Ақтау қаласы бойынша қалаішілік және қала маңы елді мекендерінің автомобиль қатынастарының 2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбайға жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

Сессия төрағасы                                                                                                                                     

Мәслихат хатшысы                                                                             

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне қосымша

 

Ақтау қаласы бойынша қалаішілік және қала маңы елді-мекендерінің автомобиль қатынастарының тізбесі

 

№п/п Маршрут атауы (маршрут нөмірі) Маршрут түрі (атауы) Әдістемеге сәйкес 1 жолаушыға анықталған тариф 1 жолаушыға ұсынылатын немесе қолданыстағы тариф Нақты және ұсынылатын тарифтер айырмашылығы Әлеуметтік мәні бар қатынастарды 3 жылға болжамдалатын жылдарға бөлінген субсидиялау көлемі
1 2 3 4 5 6 7
2021 2022 2023 жиыны
1 №2 Қалаішілік 109 70 39 236 545 920 236 545 920 236 545 920 709 637 760
2 №3 Қалаішілік 128 70 58 257 450 400 257 450 400 257 450 400 772 351 200
3 №5 Қалаішілік 80 70 10 34 790 400 34 790 400 34 790 400 104 371 200
4 №4 Ақтау-Өмірзақ 100 70 30 4 168 800 4 168 800 4 168 800 12 506 400
5 №4м Ақтау-Өмірзақ 100 70 30 4 125 600 4 125 600 4 125 600 12 376 800
6 №7 Ақтау-Рауан 100 70 30 3 844 800 3 844 800 3 844 800 11 534 400

 

Ақтау қаласы бойынша 2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы
Дата публикации
14 сентября 2020