Мемлекеттік органдарға
(тізім бойынша)
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ЗРК Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және басқа да объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға байланысты, қоршаған ортаға араласудың басқа түрлерімен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен байланысты жоспарланған қызметі, сондай-ақ осындай өзгерістерге қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.
«Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының» 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтініш тіркелген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн жұртшылықпен танысу үшін қолжетімді болатын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын, оған қоғамдық тыңдау өткізу туралы хабарландырумен бірге көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушіден ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жария талқылау үшін өздерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырады.
Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді.
Осыған байланысты, Кодекстің 73-бабының 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Ақтау» тұщыландыру зауыты» ЖШС–нің «Манғыстау облысы Ақтау қаласында тұщыландыру зауытының құрылысы» объектіге ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына ұсыныстар мен ескертулер үшін жолдайды.
Сонымен бірге, Кодекстің 73-бабының 7-тармағына сәйкес жоғарыдағы мәлімделген ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына өз ескертпелеріңіз мен ұсыныстарыңызды Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне 2024 жылдың 23 мамырына дейін беруіңіз қажет.
Қосымша:
-Қоршаған ортаға әсерді бағалауға арналған өтініш (Бастапқы) - 2 парақта.
-Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы – 612 парақта.
Төраға орынбасары Е.Умаров