Ақтауда 15-16 мамыр «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі. Соған байланысты қалада 15 мамыр күні сағат 12:55-те электрдабыл жүйесі іске қосылады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығуы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен «2024 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өткізіледі. «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығуы кезінде, яғни 15 мамыр күні сағат 12:55-те электрдабыл жүйесі іске қосылады.
Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардан дабылдар іске қосылған кезде сабырлық сақтауды сұрайды.