Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3827 болып тіркелген, 2019 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Хадиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Ақтау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Г. Алдашеваға жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қаласының әкімі | Г. Ниязов |