Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік, жеңілдікке құқығын растайтын құжаты болған кезде (айына алпыс реттен аспайтын), келесідей Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына белгіленсін:

      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға;

      Ақтау қаласының құрметті азаматтарына;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

      бала кезінен мүгедектерге;

      Чернобыльдағы АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне.

      2. Қаржыландыру көзі қалалық бюджет болып анықталсын.

Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы
Дата публикации
10 сентября 2020