Хабарландыру!

Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қала әкімдігінің теңгеріміндегі 2 шағын аудан №60 тұрғын үйден екі бөлмелі пәтердің босауына байланысты қала әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған көп балалы отбасы санатымен тұрған азаматтарға жекешелендіру құқығымен бөлінетіндігін хабарлайды.

Тұрғын үй алу кезегінде аталған санатпен есепте тұрған Елена Юрьевна Алиева, Санипа Базаргалиевна Казмагамбетова, Николай Петрович Болдырев, Адилказы Курбандурдыевич Баймурадов, Жумажан Рахмгалиевна Даулетова, Завираш Алвадиновна Сейтджанова, Ольга Александровна Костина, Санзиба Кошназаровна Акмулдаева, Самал Аманғалиқызы Жакузова, Елена Михайловна Кочетыгова тұрғын үй комиссиясының қарауына мына құжаттарды ұсынуы тиіс.

1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
5) өтініш берушінің (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органының анықтамасын не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде)
6) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 12 айдағы табысы туралы анықтама.

Құжат қабылдау 2024 жылдың 25 сәуір және 3 мамыр аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс
сағат 12:30 – 14:00.

Дата публикации
24 апреля 2024