Хабарландыру!

Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қала әкімдігінің теңгеріміндегі Өмірзақ ауылынан бір бөлмелі пәтердің босауына байланысты қала әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған көп балалы отбасы және халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жекешелендіру құқығымен бөлінетіндігін хабарлайды.

Тұрғын үй алу кезегінде аталған санатпен есепте тұрған азаматтар тұрғын үй комиссиясының қарауына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс.
1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
5) өтініш берушінің (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органының анықтамасын не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде)
6) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 12 айдағы табысы туралы анықтама.

Құжат қабылдау 2024 жылдың 24 сәуір және 2 мамыр аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс
сағат 12:30 – 14:00.

Дата публикации
23 апреля 2024