Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін қала аумағында жұмыс жасап тұрған «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрыштарының тізімін жариялаймыз. «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрыштарынан ЭЦҚ арқылы «Неке қиюды, бала тууды тіркеу бойынша өтініштеріңізді жолдауға және атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» т.б. қызметтерді электронды түрде алуға мүмкіндігіңіз бар.