Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108-бабының  1, 5-тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес, Өмірзақ ауылының шекарасына Ақтау қаласының жалпы көлемі 2966,5615 гектар жерін қосу арқылы, Өмірзақ ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 3382,5615 гектар шекарасында белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                    Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық жер қатынастары

бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

«Ақтау қалалық сәулет және

қала құрылысы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

Дата публикации
17 апреля 2024