«Порт Курык» ЖШС -ның көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Хаттама
Жиынтық кесте жасалған күні: 03.04.2024 ж.
Жиынтық кесте жасалған орын: Маңғыстау облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бықылау комитеті ҚР ЭТРМ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Маңғыстау облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 07.03.2024 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзім: 07.03. - 02.04.2024 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:
|
№ |
Мүдделі мемлекеттік орган |
Ескерту мен ұсыныстар |
|
1 |
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті |
1.Аумақтағы және (немесе) акваториядағы қоршаған орта компоненттерінің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу, олардың шегінде көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ инициаторда бар болса, фондық зерттеулердің нәтижелері болжанып отыр. Өзекті деректерді ұсыну қажет. 2. Өндіріс және тұтыну қалдықтары. 2.1. Қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болатын барлық өндіріс және тұтыну қалдықтарына талдау және түгендеу жүргізу. 2.2. Барлық түзілген қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату классификациясы мен әдістерін анықтаңыз. 2.3. Қалдықтарды қауіпсіз сақтау және олардың араласуына жол бермеу үшін қалдықтарды уақытша жинақтау объектілерін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес көздеу. 2.4. Қауіпті қалдықтардың пайда болуына жол бермеу немесе олардың пайда болу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды көздеу. 3. Көлемі, қауіптілік сыныбы және ластау заттар көзі көрсетілген ластаушы заттардың шығарындыларына түгендеу жүргізу. 3.1. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде құрылыс пен пайдаланудың барлық кезеңдерінде шаңды басу жөніндегі іс-шараларды көздеу. 4. Қоршаған ортаның ластануының (жер ресурстарының, атмосфералық ауаның және су ресурстарының ластануы) салдарын жеке-жеке болдырмау және (немесе) жою бойынша авариялық жағдайлар кезінде іс-қимыл жоспарын әзірлеу. |
|
2 |
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
1. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № № 400-VI ҚРЗ Экологиялық Кодексінің және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау; 2. «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 27 қазандағы № 294 бұйрығының талаптарын сақтау ; 3. Белгіленген қызметті жүзеге асыру көзделетін аумақтағы атмосфералық ауаның ағымдағы жай-күйіне, сондай-ақ бастамашыда бар болса, фондық зерттеулердің нәтижелеріне талдау жүргізу. 4. Қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болатын барлық өндіріс және тұтыну қалдықтарына талдау және түгендеу жүргізу. 5. Барлық түзілген қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату классификациясы мен әдістерін анықтау. 6. Қалдықтарды қауіпсіз сақтау және олардың араласуына жол бермеу үшін қалдықтарды уақытша жинақтау объектілерін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес көздеу. 7. Қауіпті қалдықтардың пайда болуына жол бермеу немесе олардың пайда болу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды көздеу. 8. Аталған нысанның географиалық координаттары ерекше қорғалатын аймағы территориясында орналаспауы қажет; 9. Орман шаруашылық аймағына кермеуі қажет. |
|
3 |
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейіндік инспекциясы |
1. Су обьектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында (тиісті облыстардың әкімдері белгілейтін) құрылысқа (немесе салуға байланысты емес) жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Су кодексі 125 және 126- баптарының талаптарына сәйкес белгіленген тыйымдар, шектеулері ескеріле отырып жүзеге асырылады, атап айтқанда: 1.1. Су обьектілерінде және су қорғау белдеулерінің шегінде, су шаруашылығы мен су тарту құрылыстары және олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылғыларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және басқа да су көлігінің жұмысына қатысты көлік инфраструктурасын қоспағанда жаңадан салынатын құырыстарды (ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендері мен коммуникациялары) жобалауға, салуға және орналастыруға, топырақ пен шөп жамылғысын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (соның ішінде жер жырту, мал жаю, тау-кен жұмыстарын жүргізу) тыйым салынады. 1.2. Су қорғау аймақтарының шегінде ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникацияларды және басқа да құрылыстарды қайта құруға сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, кабельдерді, құбырларды және басқа коммуникацияларды төсеуге, бұрғылау, жер және басқа да келісілген жұмыстарды жүргізуге, белгіленген тәртіппен оның ішінде бассейндік инспекциясымен келісілген жобасы жоқ жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады; 1.3. Су обьектілерінің аумағы арқылы көлік немесе инженерлік коммуникациялар салу жобалары тасқын суларының өтуін, су обьектілерінің жұмыс режимін қамтамасыз ету, судың ластануын, бітелуін және сарқылуын болдырмау жөніндегі іс -шараларды жүзеге асыруды олардың зиянды әсерінің алдын-алуды көздеуге тиіс; 2. Егер аумақта су обьектілерінде су қорғау аумақтары мен белдеулері белгіленбеген болса, жоспарланған іс шараларды жүзеге асыру туралы шешім су қорғау аймақтары мен белдеулері тиісінше тәртіппен белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағының талаптары ескере отырып қабылданады. 3. Судағы жоспарланған қызметті жүзеге асыру үшін су обьектісінен тікелей су обьектісінен алуды немесе алмай-ақ жер үсті және (немесе) жер асты су ресурстарын пайдалануға ҚР Су кодексінің 66 бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. |
|
4 |
Маңғыстау облысысының индустрялдық-инновациялық даму басқармасы |
Ұсынылмады |
|
5 |
Маңғыстау облысының туризм басқармасы |
Ұсынылмады |
|
6 |
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті |
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңына және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласында келесі рұқсаттарды алуы тиіс: - Эпидемиологиялық маңызы жоғары объектінің санитариялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; - Есептеу (алдын ала) және белгіленген (түпкілікті) санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жобалары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; - Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына зиянды заттар рұқсат етілген шығарындылары туралы нормативтік құжаттардың жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; - Кәсіпорынның қауіптілік класына сәйкес санитариялық қорғау аймақтарының аумағын көгалдандыру және көгалдандырудың көрсетілген үлес салмағын орындауға мүмкіндік болмаса (объектілермен тығыз құрылыс салу кезінде, сондай-ақ объекті елді мекендерден алыс шөл және шөлейт жерлерде орналасқан кезде) СҚА жобасында міндетті түрде негіздей отырып, құрылыс салудан бос аумақтар мен жақын елді мекендердің аумақтарын жергілікті атқарушы органдары келісімі бойынша көгалдандыруға жол беріледі.
|
|
7 |
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы |
"Порт Курық" ЖШС-ның белгілеп отырған қызметі туралы өтінішінде белгіленген жұмыстар аумағы мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерде орналасуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің 245, 257 баптары, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» № 593 Заңның 17 бабының талаптарын сақтай отырып жүргізілуі қажеттігін ескертеді. "Порт Курық" ЖШС-ның белгіленіп отырылған қызметтері аумағында табиғи еркіндік жағдайында жануарлар дүниесі объектілерімен кездесуі, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлармен кездесуі мүмкін екендігін қаперге береді. |
|
8 |
Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы |
Ұсынылмады |
|
9 |
«БАТЫСҚАЗЖЕРҚОЙНАУЫ» Батыс Қазақстан геология өңіраралық департаменті |
Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша компаниялардың белгіленген қызметі туралы өтініште көрсетілген мәселелерді қарау Департаменттің құзыретіне кірмейді. |
|
10 |
«Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 17-бабы 1-тармағында: «Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс.» 3-тармақ 2) тармақшасында: «балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, өсім молайту кешенінің инфрақұрылымын салуды немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі қолданыстағы кешендерді реконструкциялауды, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды, сондай-ақ өзендердің жайылмасы мен теңіз ортасында (рифтер) жасанды уылдырық шашу орындарын жасауды көздейтін іс-шараларды орындау арқылы, уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде өтеудің орнын толтыруға міндетті.» - деп, көрсетілген. Жоғарыда аталған заң тармақтарының аясында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру кезінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зияндар орын алған жағдайда, «Порт Курык» ЖШС тарапынан Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, өсім молайту кешенінің инфрақұрылымын салуды немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі қолданыстағы кешендерді реконструкциялауды, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды, сондай-ақ өзендердің жайылмасы мен теңіз ортасында (рифтер) жасанды уылдырық шашу орындарын жасауды көздейтін іс-шараларды орындауды ұсынады. |
|
11 |
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі балық Шаруашылығы комитеттінің Жайық-Каспий облысаралық Бассейндік балық Шаруашылығы инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі |
«Порт Курык» ЖШС-нің белгіленіп отырған жұмыстарына қатысты ұсыныстар мен ескертулер беру жөніндегі жобасын қарап, ұсыныстар мен ескертулер жоқ екенінін хабарлайды. Сонымен қатар, жобада көрсетілген жұмыстарын Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» №593 Заңның талаптарын сақтай отырып жүргізу қажет екендігін ескертеді. |
|
12 |
Ақтау қаласы әкімнің аппараты |
Ұсынылмады |
|
13 |
Қоғам |
Ұсынылмады |