Хабарландыру!

Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қала әкімдігінің теңгеріміндегі 19А шағынаудан №12 тұрғын үйден бір бөлмелі пәтер босауына байланысты Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй алу кезегінде тұрған кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға жекешелендіру құқығынсыз бөлінетіндігін хабарлайды.

Тұрғын үй алу кезегінде аталған санатпен есепте тұрған Валерий Викторович Талалай, Айгерим Жумахановна Масабаева, Мандайлы Сансызбаевна Акназарова, Сергей Борисович Комаров, Артур Сергеевич Маховский, Жазира Куанышевна Байкенова, Данила Сергеевич Лебедев, Жансат Қайратұлы Досжанов, Сандугаш Саламатовна Абитова, Габиден Муратович Нуржаков, Денис Валерьевич Волков, Данияр Әлимжанұлы Иксатов, Яна Сергеевна Номеровская, Динара Умирбековна Айжигитова, Жанар Бекболатқызы Қабылова, Татьяна Алексеевна Волкова, Андрей Вадимович Телицын, Кристина Валеховна Аббасова, Александр Сергеевич Кочетков, Андрей Александрович Гипнер, Сергей Василенко, Никита Геннадьевич Бушин, Ержан Бисенбаевич Каулабаев, Дамира Есенгалиқызы Досчанова, Сергей Александрович Небожко, Александр Александрович Борисов, Владимир Андреевич Борисов, Дильназ Аманжулова тұрғын үй комиссиясының қарауына мына құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
5) өтініш берушінің (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органының анықтамасын не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде).

Құжат қабылдау 2024 жылдың 10 және 19 сәуір аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс
сағат 12:30 – 14:00.
Дата публикации
16 апреля 2024