Ақтауда 34 және 38 шағын аудан аралағындағы жол уақытша жабылады

Ақтауда 34 және 38 шағын аудан аралығындағы автомобиль жолдары уақытша жабылады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

34 шағын ауданнан 38 шағын ауданға су және газ құбыры жүргізілуіне байланысты шағын аудандар арасындағы автомобиль жол 3 күнге, 15-17 сәуір күндері уақытша жабылады.

Ақтау қалалық құрылыс бөлімі қала тұрғындарынан уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Дата публикации
15 апреля 2024