Ақтау қаласы әкімдігімен 2024 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 19.03.2024 жылғы № 171 НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 66 (80 кіші топ).
2024 жылдың 1 тоқсанында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 65 (ЖАО-5, ХҚКО-25, Эл-57) мемлекеттік қызмет түрінен-18974 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 45,«электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 812, ХҚКО арқылы –10681, электрондық портал арқылы – 7436 қызмет көрсетілді.
Бас тартылғандар саны – 3111, оның ішінде электрондық түрінде – 1659, қағаз түрінде - 1452.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2024 жылдың 1 тоқсанында 24 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -172) өткізілді.
Қазіргі таңда қала аумағында 75 (28 білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі ұйымдарда-32, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығы-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10, Өмірзақ ауылы әкімдігі-1, АХАТ ғимаратында-1, Ақтау қалалық орталық кітапханасында-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр. 2024 жылдың 1 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 135 қызмет көрсетілді.
Сервистік әкімдіктер бойынша
Ақтау қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан сервистік әкімдікте қала әкімінің орынбасарлары әр апта сайын, ал мемлекеттік мекеме қызметкерлері, яғни қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы бөлімдері азаматтарды жеке сұрақтарымен күнделікті қабылдап, кеңестер беріліп тізілімге сәйкес қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Бұдан бөлек, «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында «Бизнес-офис» (Open Space) форматына ауысып, электрондық кезек, ресепшен тіркеу алаңдары арқылы қызмет көрсетуде (Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) тектес). Қызмет көрсету алаңында 4 жұмсақ диван мен 40 адамға арналған күтіп-отыру орындықтарымен жабдықталып, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орналастырылған (Сервистік әкімдік арқылы қағаз жүзінде барлығы -350 қызмет көрсетілді).
Ішкі бақылау жұмыстары туралы
Ақтау қаласы әкімінің 12.12.2023 жылғы № 44-ө «2024 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне сәйкес, 1 объектіге ішкі бақылау шарасы жүргізілді.
Тексеру барысында 21 кемшіліктер анықталды:
Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында 11 ұсыным жолданып, 7 орындалды.
Қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берген жауапты маманға тәртіптік шара қолданылды.
Мерзім бұзушылықтар
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде ақпан айында мерзім бұзушылық орын алды. Заң бұзушылыққа жол берген жауапты маманға ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
Тәжірибе алмасулар
25-29.03.2024 жыл аралығында Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Астана қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасымен тәжірибе алмасты.
19-23.02.2024 жыл аралығында Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасымен Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы тәжірибе алмасты.
2024 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендер саны– 5;
Ақтау қаласының әкімдігімен 2024 жылдың 1 тоқсанында өткізілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша іс-шаралар:
|
Ашық есік күні |
БАҚ-та мақала |
Әлеуметтік желілерге хабарлама |
Тікелей эфир |
Бейне ролик |
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында кеңес беру |
Сервистік әкімдікте кеңес беру |
|
1 |
1 |
15 |
7 |
|
|
|