Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

№_______                                                                 «____» ____________ 2024 жыл

 

       

Қаланың коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорындарының таза табысының

бір бөлігін аудару нормативін белгілеу

туралы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы                   1 наурыздағы Заңының 140 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақтау қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.М. Нурпеисовке жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі                                                                                         У. Тналиев

 

 

 

  Ақтау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы «___» ________қаулысына қосымша

 

 

Қаланың коммуналдық мемлекетік кәсіпорындарының

таза табысының бір бөлігін аудару

НОРМАТИВІ

 

Таза кіріс

3 000 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

Таза кіріс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

 

Дата публикации
11 апреля 2024