2024 жылғы 31 наурызда өткен Ақтау қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда өткен Ақтау қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ақтау қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 26 521 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 6 740 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 17 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 10.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ақтау қалалық мәслихат депутаттарының сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 13 сайлау округі бойынша

Алапанов Бекзат Нисанович үшін сайлаушылардың 50,9% дауысы берілді,

Джакиев Алмат Эспенбетович үшін сайлаушылардың 7,1% дауысы берілді,

Жубанова Амангуль Кузенбаевна үшін сайлаушылардың 38,4% дауысы берілді,

Куанов Кадыржан Мырзабаевич үшін сайлаушылардың 3,6% дауысы берілді.

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 2,7%;

 

 № 14 сайлау округі бойынша

Айтмаганбетов Ербол Кавланович үшін сайлаушылардың 10,7% дауысы берілді,

Кожаев Ержан Аманниязович үшін сайлаушылардың 82,4% дауысы берілді,

Суюншалиев Арслан Адилович үшін сайлаушылардың 6,9% дауысы берілді.

 «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 1,5%;

 

№ 20 сайлау округі бойынша

Кулбаев Амирхан Айтбаевич үшін сайлаушылардың 9,2% дауысы берілді,

Тындырганова Лаура Кобыландиевна үшін сайлаушылардың 15,5% дауысы берілді,

Усенов Ислям Бисенгалиевич үшін сайлаушылардың 75,3% дауысы берілді.

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 1,4%.

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары болып:

№ 13 сайлау округі бойынша – Алапанов Бекзат Нисанович, 1982 жылы туған, "M-StroyTrans" ЖШС-нің бас директоры, Ақтау қаласы;

№ 14 сайлау округі бойынша – Кожаев Ержан Аманниязович, 1985 жылы туған, жеке кәсіпкер, Ақтау қаласы;

№ 20 сайлау округі бойынша – Усенов Ислям Бисенгалиевич, 1982 жылы туған, "Каспий жылу, су арнасы" МКК-ны директордың орынбасары, Ақтау қаласының тұрғындары сайланды.

 

Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
01 апреля 2024