Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

№ 11-07/780                                                                                             27.03.2024 ж.  

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының                                2 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы                        1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 3004/3004-1/303 хаты және «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы                 13 наурыздағы № 01-12-297 қызметтік хаты  негізінде, Ақтау қаласының    әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тусупбаев Асылан Ерлановичтің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 666 ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалдау туралы келісім шарты негізінде, «Ару Ана» шаруа қожалығы, №45/8 учаскесінде орналасқан, нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында тұрған көлемі 24,6667 гектар кадастрлық нөмірі: 13-200-078-816 жер учаскесіне қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  2. Тусупбаев Асылан Ерлановичтің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 667 ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалдау туралы келісім шарты негізінде, «Ару Ана» шаруа қожалығы, №45/10 учаскесінде орналасқан, нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында тұрған көлемі 24,6667 гектар кадастрлық нөмірі: 13-200-078-817 жер учаскесіне қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  3. Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
  4. Тусупбаев Асылан Ерлановичке келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
  6. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  7. Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.

 

Қала әкімі                                                                                    У. Тналиев

Дата публикации
29 марта 2024