Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№ 11-07/781                                                                                             27.03.2024 ж.  

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының                                2 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы                        1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 3004/3004-1/303 хаты және «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы                 13 наурыздағы № 01-12-297 қызметтік хаты  негізінде, Ақтау қаласының    әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сундетов Нурлан Сериковичтің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 4183 шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін жалдау туралы келісім шарты, 2004 жылғы 17 ақпандағы № 222 Ақтау қаласы әкімдігінің шешімі негізінде Ақтау қаласы, өндірістік қамтамасыз ету орталық базасының оңтүстігінде орналасқан, көлемі 200,0 гектар, нысаналы мақсаты «Жұлдыз» шаруа қожалығын жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі: 13-200-078-062 жер учаскесіне қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  2. Көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
  3. Сундетов Нурлан Сериковичке келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
  5. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  6. Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қала әкімі                                                                                  У. Тналиев

Дата публикации
29 марта 2024