Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№ 11-07/779                                                                                               27.03.2024 ж.

 

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының                                4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы                        1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 23 ақпандағы №01-22-135 санды хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 01-12-295 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рахматулина Любовь Александровнаның 2020 жылғы 20 қазандағы №3394 сыйға беру шарты негізінде, жеке меншік құқығымен тиесілі 4 А шағын аудан, №63 ғимаратында орналасқан, нысаналы мақсаты теннис алаңын орналастыру үшін қызмет көрсету, көлемі 0,1316 гектар кадастрлық нөмері: 13-200-010-449 жер учаскесіне автожолды кеңейту жобасын іске асыру мақсатында және жобаға қызмет көрсету үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  2. Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
  3. Рахматулина Любовь Александровнаға келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
  5. 5.«Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  1. Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қала әкімі                                                                                       У. Тналиев  

Дата публикации
29 марта 2024