«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ 11-07/782 27.03.2024 ж.
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы
үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 23 ақпандағы №01-22-135 санды хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 01-12-295 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Руденко Оксана Ивановнаның 2018 жылғы 9 қазандағы №3783 сатып алу-сату келісім шарты негізінде, жеке меншік құқығымен тиесілі 4 А шағын аудан, №61 ғимаратында орналасқан, нысаналы мақсаты теннис алаңын орналастыру үшін қызмет көрсету, көлемі 0,1283 гектар, кадастрлық нөмірі: 13-200-010-447 жер учаскесіне автожолды кеңейту жобасын іске асыру мақсатында және жобаға қызмет көрсету үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Руденко Оксана Ивановнаның 2020 жылғы 22 қазандағы №3416 сыйға беру шарты негізінде, жеке меншік құқығымен тиесілі 4 А шағын аудан, №62 ғимаратында орналасқан, нысаналы мақсаты теннис алаңын орналастыру үшін қызмет көрсету, көлемі 0,1215 гектар, кадастрлық нөмірі: 13-200-010-448 жер учаскесіне автожолды кеңейту жобасын іске асыру мақсатында және жобаға қызмет көрсету үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
- Руденко Оксана Ивановнаға келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
6.«Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.
Қала әкімі У. Тналиев