Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№ 11-07/783                                                                                             27.03.2024 ж.

 

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының                                4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы                        1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 23 ақпандағы №01-22-137 санды хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 01-12-292 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жайлыбаева Роза Қудайбергенқызы және Дюсенбаев Арман Максатовичтің, 2021 жылғы 25 маусымдағы №2221 жерді пайдалану құқығын сатып алу-сату шарты негізінде, ортақ бірлескен меншік құқығымен тиесілі №4 өндірістік аймақ, №109/1 учаскесінде орналасқан, көлемі 2,2482 гектар, нысаналы мақсаты тауарлы ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі: 13-200-059-627 жер учаскесіне автомобиль жолын салу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  2. Көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
  3. Р.Қ. Жайлыбаеваға және А.М. Дюсенбаевқа келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.

5.«Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қала әкімі                                                                                       У. Тналиев  

Дата публикации
29 марта 2024