Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№ 11-07/778                                                                                             27.03.2024 ж.  

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының                                2 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы                        1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 3004/3004-1/303 хаты және «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы                 13 наурыздағы № 01-12-297 қызметтік хаты  негізінде, Ақтау қаласының    әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Н.Р. Атчибаевтың, Б.Р. Атчибаевтың, Р.К. Атчибаевтың, Г.К. Ербулатованың 2011 жылғы 5 мамырдағы № 9861 жер учаскесін ортақ үлестік пайдалануға жалға беру туралы келісім шарты негізінде, ортақ үлестік жер пайдалануында тұрған «Ақтау-Құрық» автокөлік жолының бойында             (17 шақырым) орналасқан, нысаналы мақсаты «АКР» шаруа қожалығын жүргізу үшін көлемі 200,0 гектар, кадастрлық нөмірі: 13-200-078-291 жер учаскесіне қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  2. Көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
  3. Н.Р. Атчибаевқа, Б.Р Атчибаевқа, Р.К.Атчибаевқа, Г.К.Ербулатоваға келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
  5. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  6. Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.

 

Қала әкімі                                                                                           У. Тналиев

 

Дата публикации
29 марта 2024